Кластерлік модельде Kaspersky бағдарламасына арналған патч орнату

Kaspersky Security Center, кластерлік модельде Kaspersky бағдарламаларына арналған патчтарды қолмен орнатуды ғана қолдайды.

Кластерлік модельде Kaspersky бағдарламасына арналған патч орнату үшін:

  1. Кластердің әр түйініне патч жүктеңіз.
  2. Белсенді түйінде патч орнатуды іске қосыңыз.
  3. Патчтың сәтті орнатылуын күтіңіз.
  4. Кластердің барлық қосалқы түйіндерінде патчты дәйекті түрде іске қосыңыз.

    Патчты пәрмен жолынан іске қосу кезінде "-CLUSTER_SECONDARY_NODE" кілтін қолданыңыз.

    Осы әрекеттер нәтижесінде патч кластердің әр түйінінде орнатылады.

  5. Kaspersky кластерлік қызметтерін қолмен іске қосыңыз.

Кластердің әр түйіні Басқару консольде Желілік агенті орнатылған құрылғы ретінде көрсетіледі.

Орнатылған патчтер туралы ақпаратты Бағдарламалық жасақтама жаңартулары қалтасында немесе Kaspersky бағдарламалық жасақтама модулі жаңартуларының нұсқалары туралы есепте көруге болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Басқару серверінің жалпы параметрлерін көрсету

Сценарий: Kaspersky бағдарламалары мен дерекқорларын үнемі жаңартып тұру

Басына оралу